Жанарбек Әшімжан: «Елдіктің жеті тұғыры» – жастарға жол көрсететін үлкен бағдарламалардың заңды жалғасы

Жанарбек Әшімжан: «Елдіктің жеті тұғыры» – жастарға жол көрсететін үлкен бағдарламалардың заңды жалғасы

Жанарбек Әшімжан: «Елдіктің жеті тұғыры» – жастарға жол көрсететін үлкен бағдарламалардың заңды жалғасы
ашық дереккөзі
50348
Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық «Miras» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен кеңес мүшелерінен бөлек, зиялы қауым өкілдері мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы талқыға салынды. Жанарбек Әшімжан, Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық «Miras» қоғамдық кеңесінің төрағасы: – Күні кеше Елбасымыз «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында бірнеше бағыттағы жұмысты айқындап, «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын жариялағаны баршаңызға мәлім. Елбасы Тәуелсіздіктің 30 жылдық бедерінде кезең-кезеңімен көптеген үндеу жариялап, тілімізді, ділімізді, ұлттық болмысымызды, рухани кеңістгімізді дүркін-дүркін жаңғырту мақсатында жыл сайын үлкен концепциялар жариялап отырды. «Елдіктің жеті тұғыры» жиынтығын біздің ұстанатын әлеуметтік, экономикалық бағытымыздан бөлек, өскелең ұрпақтың мемлекеттің дамуын қалай ілестіріп әкету керек дегенге жол көрсететін үлкен бағдарламалардың заңды жалғасы деп айтуға болады. Қазіргідей түрлі ақпараттар жастардың санасына, болмысына, қоғамдық өміріне дендеп кіріп жатқан уақытта мұндай дер кезінде жарияланған қағидаттар жаңа ұрпақ үшін өсиетнама дер едім. Осындай үлкен бағдарламаның ел ішінде таралуына сеп болу үшін «Miras» қоғамдық кеңесінің алаңында оны талқылап, міндеттерді айқындауға  мүмкіндік туындап отырғанына қуаныштымын.

Серіктес жаңалықтары