Атырауда төрт айлық баласын өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Оған параноидтық шизофрения диагнозы қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылғы сәуірдің аяғында Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында әйел төрт айлық баласын өлтірді. Дәрігерлер баланың денесінде 38 пышақ жарақаты барын анықтаған. Содан кейін полиция қызметкерлері 99-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
25 қарашада сот осы іс бойынша үкім шығарды. Сот-психиатриялық сараптама кісі өлтіру кезінде күдіктінің есі кіресілі-шығасылы екенін көрсетті. Оған параноидтық шизофрения диагнозы қойылды. Бұл оның қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлеп емдеуге жіберілетінін білдіреді.