58417
Мұсылманша түс жору
Мұсылманша түс жору
Мұсылмандардың түс жору кітабында ислам дінінде жалпыға ортақ деп саналатын түс жорулар жинақталған.
Ислам дінінде қашан да болмасын түске және оның адам тәрбиесіндегі рөліне үлкен мән берілген. Ұсынып отырған түс жоруымыз түске, оның мән-мағынасына бей-жай қарамайтын жандар үшін қызықты әрі пайдалы болмақ, деп жазды stan.kz порталы.
А
Адамдар (көпшілік) – түсте көпшілік қауымды көрсеңіз, көре алмайтын әрі екіжүзді адамдардың соңынан ересіз.
Адасу, қателік – адам түсінде қателессе не жолдан адасса, онда бұл оның тура жолдан ауытқуын білдіреді.
Ай – түстегі ай мен күн – ата-ананың белгісі. Егер ай мен күн сізге иілсе, ата-аныңыздың разы болғаны. Сырқат адам толған ай көрсе өмірі ұзарады. Ал керісінше жағдай ғұмырының қысқа боларының белгісі.
Айна – ол әйеліңіз. Егер ер адам түсінде айнаға қараса және түс көрген уақытында жұбайының аяғы ауыр болса, өзіне ұқсайтын ұл бала дүниеге келеді. Егер әйелі жүкті болмаса не бойдақ болса, мұндай түс қызметінен босайтынын білдіреді.
Акула –жақын күндері жасырын не қас дұшпанмен кездесетініңізді білдіреді.
Аққу – адал жолмен бай-бақуатты болу.
Алақан, білек – ер адамның күш-қуаты. Ашық алақан молшылықта өмір сүруді аңғартады.
Алмаз, гаухартас – отбасылық қуаныштың белгісі.
Алмұрт – түсте алмұрт жеу –денсаулығыңыздың біраз уақыт сыр беретінінің белгісі.
Алтын – қайғы-мұңнан арылу, қуаныш белгісі.
Ананас – түсіңізде ананас көрсеңіз, бастаған ісіңіз табысты болмақ.
Арал – түсіңізде арал көрсеңіз, өміріңізде оң өзгерістер мен қызықты саяхат күтілуде.
Арыстан, жыртқыштар – мұсылман қауымынан алыстаған имансыз адамдар.
Асүй – таза, кең әрі жинақы асүй әйеліңіздің тазалығы мен инабаттылығын білдіреді.
Аспан – аспаннан от жауса халық індет, қаза не тауардың қымбаттауы сынды бақытсыздыққа душар болады. Аспан – басшының белгісі. Арқанның не баспалдақтың көмегімен көкке көтерілсеңіз, билікке қол жеткізесіз. Көкке жақындау – Аллаға жақындаудың нышаны.
Ауру – екіжүзділікті не діни ережелерінің толық орындалмауын білдіреді.
Аурухана – егер түсіңізде аурухана көрсеңіз немесе ондағы ауырған адамның жағдайын сұрап жатсаңыз, ол жақсылықтың нышаны; болашақта жеке өміріңізге табыс, қуаныш және сәттілік әкеледі.
Ауа – таза ауа жан тыныштығын білдіреді.
Аштық – мал-мүліктен не ақшадан айырылу. Сонымен қатар түстегі аштық мақсатқа жетуге талпынысты білдіруі мүмкін.
Аю – ақымақ әрі қолының жымысқысы бар дұшпан.
Аяқ – адамның өмірдегі тұрақтылығы мен табандылық танытуы.
Аяқ киім – аяқ киім жоғалту – ажырасуды білдіреді. Аяқ киімді сату – жұбайыңыздың қазасына жорылады. Бәтеңке кию – саяхатқа аттану. Тар аяқ киім кию – жоқшылық не түрменің белгісі. Түсіңізде жаңа аяқ киім кисеңіз, жәннаттық боларыңызды аңдатады. Ескі, киілген аяқ киім кисеңіз, балалы әйелге үйленесіз.
Б
Банан – береке мен денсаулықтың белгісі.
Байлық – егер түсіңізде бай екеніңізді көрсеңіз, азға қанағат етуді үйренесіз.
Бақ, бау-бақша – денсаулық пен береке-байлық.
Бал – шариғатқа сай жолмен қол жеткізген байлық.
Баспалдақ – жетістікке, мәртебеге қол жеткізудің амалдары.
Батыр – түсте өзіңізді батыр кейіпінде көру сәттілік, табыс пен жеңісті білдіреді.
Бейіт, зират, мазар – түрме. Бойдақ адам түсінде зират қазса, таяу күндерде үйленеді. Егер отбасылы болса, өмірі ұзарады.
Бесік – түсінде бесік көрген адам игі істермен айналыса бастайды.
Бұлт – адамдарға ақиқатты көрсетіп, құтқаратын Ислам дінін және діни ілімді аңғартады.
Бұршақ – бұл денсаулық, жақсы орта мен жемісті еңбек.
Бұрыш – бұрыш көрсеңіз не жесеңіз, ақша жинайсыз.
Бөлме – қауіпсіздік белгісі.
Бөшке – түсіңізде іші толы бөшкені көрсеңіз, үйдегі молшылықтың белгісі; ал егер бос бөшкені көрсеңіз, залал немесе басқа да келеңсіз жағдайларды білдіреді.
Бүркіт, қыран – басшы. Сонымен қатар ұзақ өмір, байлық, кейде соғысты білдіруі мүмкін.
Г
Гүл шоғы – егер түісңізде гүл шоғын көрсеңіз, жарқын болашаққа жол ашады; ал егер солған гүл шоғын көрсеңіз, жақын адамыңыздың опасыздығын байқайсыз.
Д
Дәрі – түсінде дәрі қабылдаған адамның денсаулығы өмір бойы сыр бермейді.
Дәрігер – егер ауру адамға түсінде дәрігер келсе, ауруынан толықтай айығады; ал сау адамға келген дәрігер аурудың белгісі болып табылды.
Демалу, тыныштық – шаршағаннан соң демалу – кедейліктен кейін байлыққа кенелу.
Денсаулық – Алланың мейірімін, дінді дұрыс ұстануды әрі аурудан айығуды білдіруі мүмкін.
Дос – түсте досыңызды көру жағымды сырласуды аңғартады.
Дуал, қабырға – түсіңізде қабырғаға не дуалға сүйеніп тұру – өмірде ықпалды адамға бағынышты болуды аңғартады.
Дұға – түсінде Аллаға қол жайып, дұға жасасаңыз не өзгелер сіз үшін дұға жасаса, бақытқа кенелесіз. Сонымен қатар дұға қарыздан арылуды аңдатады.
Дүкен – дүкен мен базар – байлықтың белгісі.
Е
Егеуқұйрық – ұрыға ұшырасатыныңыздан сақтаныдырады.
Елік, киік – іс-әрекетін түсініп болмайтын біртүрлі адамен кездесу.
Ерін – адамның көмегі. Түсінде ерінінің кесілгенін көрген адам өмірде көп ғайбат айтады.
Есек – саяхат. Бұған қоса есек білімін жүзеге аысра білмейтін ғалымды аңғартады.
Есік – түсіңізде ашық есік көрсеңіз, ол табыс көзін білдіреді.
Есінеу – түсінде есінегенін көрген адам өңінде бұрыс әрекетімен шайтанды қуантады.
Ет – несібе мен береке.
Ж
Жаза (күнәсі үшін) – жазаға ұшыраған әрі жазалаушы адам үшін де мұндай түс оның иманын, дін ережелерін ұстануын білдіреді.
Жазушы – кітап жазып отырған адам көрсеңіз, өңіңізде бұрыс іс-әрекетке куә боласыз.
Жалғыздық – адамның қызметі мен ой-пайымының дербестігі.
Жалын – денсаулығыңызға не өміріңізге залалын тигізуі мүмкін жағымсыз жаңалық.
Жаңбыр – залалсыз жаңбыр – береке, несібе мен рахымның белгісі. Егер жаңбыр залалды болып, аспаннан тас түсіп не қанды жаңбыр жауса, ол күнә мен Алланың тыйымдарына құлақ аспаудың белгісі болып табылады.
Жаңғақ – жасыл әрі құрғақ бадам жаңғағы – жасырылған байлық. Грек жаңғағы дау-дамай, қиындықпен қол жеткізген мал-мүлікті аңғартады.
Жеміс-жидек – тәтті жеміс-жидек – мол несібе, пайдалы ілім мен табыс.
Жер сілкінісі – үйредің белгісі.
Жоқтау – түсіңізде таныс адамыңыз қаза тауып, адамдар жоқтап жыласа, танысыңыздың сізге кек сақтап жүргенін білдіреді. Түстегі жоқтау – той-думанның нышаны.
Жол – жалғыз жол – Исламдағы шариғаттың белгісі. Түрлі жолдар – Исламға жаңалық енгізу (бидғат).
Жөтел – шағымдануды білдіреді. Тұншығып жөтелу – өлімнің нышаны.
Жұлдыз, ғаламшар – ақсүйек адамды аңғартады. Егер адам өз үйінен жұлдыз көрсе әрі ол жарқырамаса, беделді адамдардың барлығының бақытсыздыққа душар болатынын аңдатады.
Жүгері – сапасыз мүлік.
Жүзу – түсінде көлде шебер жүзе білсеңіз, өмірде үлкен істі қолға алып, соңына жеткізіп, мәртебе мен құрметке иеленесіз.
Жүзім – піскен жүзім денсаулық пен бақытты өмірдің нышаны.
Жүктілік – егер түсінде әйелі жүкті екенін көрсе, өмір ағымынан игілік күтеді немесе жақсы хабар алады. Егер тұрмыс құрмаған қыз немесе бойжеткен түсінде жүкті екенін көрсе, жақында тұрмысқа шығады.
Жылан – бұл ауқатты дұшпан. Түсіңізде үйіңізге жылан крісе, ол дұшпаныңыздың сізге тұзақ құрғанын аңғартады. Егер жыланды өлтірсеңіз, дұшпаныңызды жеңесіз.
Жылқы, ат – түсіңізде көрген жылқының құйырығы ұзын болса, соңыңыздан ерушілердің көп боларын аңғартады. Ал қысқалығы керісінше жорылады. Ат үстінде отырып намаз оқу не қанатты ат көру ек дүниеде де мәртебеңіздің биік боларын білдіреді.
Жіп – түсте жіп есу – жақын арада саяхатқа аттанудың, ісіңіздің жеңілдеуінің белгісі.
З
Зәйтүн – береке-байлық. Ал зәйтүн ағашы – өз отбасына пайдас мол бақытты әрі жақсы адам.
Зинақор – түсіңізде зинақормен араласу – бес күндік жалған, жақсы өмі сүруге талпынудың белгісі. Зинақормен зина жасаған адам қиындыққа, сынаққа душар болады.
Зығыр – зығырдан тігілген киім кию – адал жолмен ақша табу.
И
Имансыз адам – дұшпан. Имнасыз қарт ежелгі дұшпанды білдіреді.
Ине – түсіңізде ине сынып қалса не қолыңыздан түсіп кетсе, бастаған ісіңіздің сәтсіз боларынын білдіреді.
Иіс – жақсы әрі хош иіс – жақсы сөз бен істің, мақтаудың белгісі. Ал жағымсыз иіс болса, барлығы керісінше.
К
Кедейлік – байлықтың белгісі.
Кеме – биліктегі адамдарға жақындауды, қауіптен арылуды аңғартады. Кейде ол уайым-қайғыны білдіруі де мүмкін.
Кене – реніш, түңілу пен қорлық көру.
Керуен – сәтті әрі табысты сауда белгісі.
Кешірім сұрау – түсіңізде әлдекімнен кешірім сұрасаңыз, досыңызды жоғалтасыз.
Кит, үлкен балық – үрей, бақытсыздық пен ашу-ызаны білдіреді.
Көбелек – өмірдегі ұшқалақтығыңызды білдіреді.
Көгершін – бұл сүйікті әйел. Кімде кім түсінде көп көгершін ұстап алса, өңінде бақуатты адамдардың қаржылай көмегіне ие болады.
Көз – адамынң Тура жолды адасушылықтан ажырата білетін сенімі мен ақылын аңдатады. Денеңізде көп көз болса, ол – иманның, тақуалықтың артуы. Көру қабілетінен айырылу – Алланың жазасына ұшыраудың белгісі.
Көкек – түсінде көкек көрген адам үйіне ұры түсуінен сақ болуы қажет.
Көкнар – көңіл-күйдің не денсаулықтың жақсаруы.
Көкөніс – қиын әрі ауыр еңбек арқылы аздаған нәпақа табу.
Көл – күшті билік иесін аңғартады. Алыстан теңіз көрсеңіз, бақытсыздық пен бүлікке куә боласыз.
Көпір – о дүниеде адамның құтқарылуына сеп болатын барлық амалды және осы дүниедегі қажуды білдіреді.
Көтерілу, биікке шығу – түсіңізде биікке шығу – ұлылық, ал төмен түсу – құлдырау. Тауға не басқа да биікке шықсаңыз , мақстаыңызға қол жеткізесіз.
Күйеу жігіт – егер түсіңізде өзіңізді күйеу жігіт ретінде көріп, қалыңдық таныс болса, байлыққа кенелесіз, шаңырақ көтересіз не мәртебеңіз өседі.
Күл – мағынасыз сөз бен іс-әрекет.
Күмбез – әйелдің белгісі.
Күн тұтылуы – адамдардың бақытсыздыққа душар болуы мүмкін екендігі жайында Алланың ескертуі.
Кір жуу – бақытсыздық пен уайым-қайғыдан арылу.
Кітап – күш-қуат пен ұлылық.
Қ
Қағба – мұсылмандардың басшысы. Түсінде қағбаның ішінде намаз оқыған адам өңінде дұшпандарынан зиян көрмейді және береке-байлыққа қол жеткізеді.
Қаз – әдемі әйелдерді білдіреді. Сонымен қатар түсіңізде қаз көрсеңіз, таяу күндері қуанышты жаңалық естисіз.
Қайшы – әлдекіммен серіктестікті аңдатады.
Қан – заңсыз әрі әділетсіз жолмен ақша табу.
Қап – толы қап – байлық пен молшылықтың нышаны. Бос болса, бастаған ісіңіздің өнімсіз әрі нәтижесіз боларын білдіреді.
Қарлығаш – Аллаға мойынсұнып, ұдайы құлшылық ететін, көп жақсылық пен игі іс жасайтын адам.
Қару – жеңіс, Алланың жәрдемі.
Қарыз – түсте әлдекімнен қарыз алу қызметіңіздегі жағымсыз жағдайды, өз ісіңізге разы болмауды аңғартады. Ал біреуге қарыз беру – қызметіңіздің сәтті болуының нышаны.
Қасқыр – ұрлықты аңғартады.
Қиыршық тас – байлық.
Қой – егер түсіңізде қой иеленсеңіз, өңіңізде байлықпен билікке ие боласыз. Түсіңізде қой немесе басқа да жануарды құрбандыққа шалсаңыз, онда ауруыңыздан айығып, қарызыңыздан құтыласыз және де материалдық жағдайыңыз жақсарады. Егер адамды түсінде қошқар сүзсе, ол адамды біреу қатты қорлайды.
Қойшы – билік иесі.
Қолтырауын – дұшпан.
Қонақ – ұл баланың дүниеге келуі жөніндегі қуанышты жаңалық. Ал түсінде қонақ көрген адамның жары жүкті болмаса, онда ол жақын арада Алладан несібесін алады.
Қорған – діни ілім, Құранның, шайтанның және оның әскерлерінен қорғаларыңыздың белгісі.
Қоян – қорқақ адамды білдіреді. Сонымен қатар қоян не пайдасы, не зияны жоқ әйелді білдіруі мүмкін.
Көбік – су бетіндегі көбік пайдасыз дүниенің, істің нышаны.
Қуаныш – сәтсіздік пен келеңсіз оқиғалардың белгісі.
Құдық – түсінде үйінен не ауласынан құдық көрген адам молшылықта өмір сүреді.
Құм – құм көрсеңіз, жолға шығасыз.
Құмырсқа – әлсіз, қауқарсыз халық. Сырқат адам денесінде құмырсқа жүргенін көрсе, бақилық болады.
Құран – түсіңізде Құран оқысаңыз, өңіңізде жеңіске жетіп, қуанышқа бөленесіз. Сырқат адам Құран оқығанын көрсе, Алла оны ауыруына шипа береді.
Құстар – билік, ұлылық пен сұлулық, ал саудагер үшін – табыстың нышаны.
Қыз – түсте қуанышты, көңілді қыз көрсеңіз, ол махаббат, шаттық, табысты аңғартады. Ал көңілсіз, ашулы қызды көрсеңіз, жағымсыз хабар естисіз.
Қызғаныш, көре алмаушылық – бұл қызғанушы адамның азғындығы мен көре алмаушылыққа душар болған адамның тақуалығы.
Қылыш – билік пен ұл бала. Түсте қылышпен жүру жақын арада биік лауазыма ие болатыныңызды білдіреді.
М
Май – өсімдік майы – адал жолмен табылған байлықтың нышаны. Денеңізге май жақсаңыз, дертіңізден айығасыз.
Маймыл – дұшпан, күнә не Алланың қаһарына ұшырататын іс.
Маса – әлсіз әрі адамгершілігі төмен адам. Егер әлдебір жерге маса қаптаса, сол аймақтағы тұрғындар саны артатынын білдіреді.
Мастық – ішімдік ішіп мас болу мемлекет арқылы байлыққа кенелуді білдіреді. Ал ішімдіксіз мас болу уайым-қайғының нышаны.
Махаббат (құмарлық) – сынақ. Түсіңізде әлдебір қызға ғашық болсаңыз, алдыңызда сынақтар күтіуде.
Мейіз – пайдалы несібе.
Мейрам, мереке – түсіңізде әлдеқандай мерекені тойлап жүрген болсаңыз, қиындықтан арылып, қуаныш пен шаттыққа бөленесіз.
Мешіт – үйіңіз мешітке айналса құрметке ие болып, Ақиқатты таратасыз.
Ми – залалдан қорғалған байлық.
Молшылық – қиындықтан кейінгі жеңілдікті және қарыздан құтылуды білдіреді.
Мұз – түсте мұз көру жақсылықтың белгісі емес. Ол сәтсіздікті, уайым-қайғыны білдіреді.
Мылқаулық – иманның әлсіреуі мен ғайбат сөйлеу.
Мысық – кітаптың белгісі. Кей адамдар мысықтың үйдегі тыныштықты білдіретінін айтады.
Н
Найзағай – адасудан кейін ақиқат жолға түсу.
Намаз – өз еркімен немесе сүннет намазын оқу – адамның иманының беріктігінің, сүннетке сай өмір сүруі мен Алланың махаббатының белгісі.
Неке – барлық алаңдаушылықтан құтылудың бір белгісі.
О
Ойын – қулық пен өтіріктің, келемеждің белгісі.
Орман – орман көру не орманда жүру – есен-саулық, гүлдену.
От – соғыс, қиыншылық, бүлік пен қазаның белгісі.
Отбасы, балалар – жақсы өмір сүруге жетерлік қаражатты білдіреді.
Отын – жала жабу мен өсек-аяң. Оған қоса отын ақымақтық пен сараңдықты білдіреді.
Ө
Өзен бастауы – Алланың мейірімі, сәттілік пен береке.
Өрмекші – түсіңізде өрекші көрсеңіз, үнемі күйеуінің көзіне шөп салатын арсыз әйелге жолығасыз.
Өрік – егер адам түсінде өрік жесе, не сырқаттанады, не өміріндегі маңызды дүниеден айырылады.
Өтірік – азғындық пен сәтсіздік.
П
Пальма ағашы – ғалым. Сонымен қатар адамдарға пайдасы мол мұсылманды аңғартады.
Періште – егер түсіңізде періште көрсеңіз, өмірде құрмет пен атаққа қол жеткізесіз.
Пеш – түсінде пеш көрген адам өңінде тұрмысын жақсартуға тырысады.
Пышақ – түсінде қарусыз адам пышақ алса, береке-мен молшылықта өмір сүріп, несібесі мол болады.
С
Сабын – сабынмен кір жуу тәубеге келу, сырқаттан айығу, қарызынан құтылып, уайым-қайғыдан арылуды білдіреді.
Сағым – аяқсыз қалатын мәнсіз әрі пайдасыз іс.
Саз, балшық – адамдарды игі істерге шақыратын тақуа жанмен кездесуді аңғартады.
Сақал – байлықтың, ұлылықтың және әдеміліктің нышаны.
Сақина, жүзік – түсінде алтын жүзік көрген адамның әйелі жүкті болса, ол ұл баланы дүниеге әкеледі. Сақинаның сынуы – ажырасудың белгісі. Бойдақ адам саусағына сақина тақса, жақын күндері шаңырақ көтереді.
Саусақ – қызмет пен өмірдегі көмекші.
Сәбіз – сәбіз көру- уайым-қайғының белгісі. Қолыңызға сәбіз ұстасаңыз ісіңіз жеңілдейді.
Сиқыр – өтірік мен бүліншілікті білдіреді.
Сиыр – жақсы әрі жайсыз жылдарды білдіреді. Семіз сиыр алдағы жылда молшылық боларын білдірсе, оның арықтығын керісінше жоруға болады.
Су – таза су бақыт пен берекенің нышаны; лай су мұң мен жабығуды білдіреді.
Сүйек – ұлы істер мен тән қуатының артуын аңғартады.
Сүт – адамның өмірге мұсылман болып келуі, оған қоса сүннет пен ілім.
Сүю – қалағаныңызға қол жеткізу, арман-мақсаттарыңыздың орындалуы.
Сыйлық – қуаныш, махаббат және араздасқан адамдардың татуласуы.
Сыпырғыш – көп жағдайларда бақытсыздықтан құтылу және қарыз қайтарып алудың белгісі болып табылады.
Т
Табалдырық – әйел, үй иесі.
Тарақ – жаңа істі қолға алған адам үшін ол істің қайырлы әрі игі боларын білдіреді.
Тас – дөрекі, әдепсіз адамдар.
Татуласу – қауіпсіздік, тыныштық, демалыстың белгісі.
Тауық – жеңілтек, ақымақ әрі әдемі қыз. Түсте тауық ұстап алу әділ жолмен ақша табуды аңғартады.
Тауыс – бай әрі әдемі жат елдік әйел.
Таяқ – бұйрық, тыйым, дұшпанды жеңу.
Теңіз – табысқа қол жеткізіп, молшылықта ғұмыр кешу.
Тер – дертінен айығуға үміт бар адам үшін сауығуды білдіреді. Ал үмітсіз болса, өлімнің белгісі.
Тиін – егер ер адам түсінде тиінді көрсе, өңінде екіжүзді әйелді жолықтырады. Егер әйел адам түсінде тиінді көрсе, өңінде ашулы және өзімшіл ер адам алдап-арбап алуы мүмкін.
Торғай – отбасыңыздың ұл баламен толығуының белгісі. Түсіңізде торғай ұстап алсаңыз, ол ісіңізге сәттілік әкеледі.
Төсек – әйел. Тұрмыс құрмаған қыз түсінде төсек көрсе, жақын күндері тұрмысқа шығады. Төсегіңізді сатсаңыз, ажырасасыз. Төсектің жұмсақытығы – әйеліңіздің сізге мойынсұнып, сөзіңізге құлақ асуы. Ал кеңдігі – жарыңыздың көркем мінезінің нышаны.
Түйе – мұң-қайғының белгісі.
Түлкі – жолында ездескендерге ор қазатын қу әрі айлалы дұшпан.
Түн – тыныштық пен жайлылық белгісі.
Түнек, қараңғылық – адасу және абыржу.
Түңілу- Алланың рахымынан күдер үзу – күпірліктің, дінде тыйым салынған әрекетке барудың белгісі.
Түтін – қорқыныш, жаза, үрейлену мен уайым-қайғы. Түіңізде үйіңізден түтін шықса, ол шаңырағыңыздағы тыныштық пен татулықтың білдіреді.
Тырнақ – дұшпанды жеңу.
Тышқан – әрдайым ұрлық жасайтын арсыз әрі күнәһар әйел.
Тіс – отбасыңыз бен туыстарыңыз. Азу тіс отағасын аңғартады. Бір тістің не барлығының жоқ болуы отбасының бір адамға азаятынын білдіреді. Ал егер барлық тісіңіз түсіп қалса, ұзақ өмір сүресіз.
Ұ
Ұн – бидай ұны – байлықтың белгісі. Оған қоса ұн маңызды әрі пайдалы ілімді аңғартады.
Ұста – ерік-жігері күшті адам.
Ұшу – саяхатты білдіреді.
Ү
Үйлену – мәртебеңіздің өсуі, құрмет пен байлықтың нышаны.
Үрей, қорқыныш – қауіпсіздік. Сонымен қатар тәубеге келуді де білдіреді.
Х
Хат – түсте хат алу не жолдау – жақсылықтың белгісі.
Ш
Шабдалы – шабдалы жемсін пісетін уақытында жеу табысты аңғартады. Қышқыл шабдалы жеу – үрейлену.
Шайқас – ұрыс- керістің белгісі.
Шалшық – түсіңізде шалшық көрсеңіз, өңіңізде жала жабу, екіжүзділікке тап боласыз.
Шам – түсте жанып тұрған шамды көру табыс пен сәттілікті білдіреді. Өшіп тұрса, керісінше жорылады.
Шатыр – отбасындағы бақ-дәулет, тыныштық пен береке.
Шөл дала, жазық – өмірде қалаған дүниеге қол жеткізетініңізді аңғартады.
Шөлдеу – кедейлікті, алыста жүрген адамға деген сағынышты білдіруі мүмкін. Таза сумен шөліңізді қандыру – денсаулықтың белгісі.
Шұлық – өзге ұлттан шыққан әйелмен танысу.
Шыбын – әлсіз, ызақор әрі ұрысқақ адам.
І
Ін – дінге енгізілген жаңалықтарға, ойдан құрастырылған дүниелерге сеніп, еру.