Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылында балаларына вакцина салынғанына қарсы ата-аналар түсндіру жұмыстарын жүргізген санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне жұмыртқа лақтырды, деп хабарлайды Turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Ата-аналар түсіндіру тобына сұрақ жаудырған, не үшін қарсысыз деген сұраққа айтар жауаптары да дайын болған. Біреулер вакцинаның салдарынан қорқатынын айтса, енді бір ата-ана түсіндіру тобын түсінбегенін айтып шағымданыпты, онсыз да денсаулығында кінәрат бар балаларына ешқандай екпе салдырмайтынын ашып айтқан ата-аналар да кездесіпті.
Өзара тіл табыса алмаған соң, ашуға булыққан ата-аналардың бірі санитарлық эпидемиологиялық бақылау мамандарына жұмыртқа лақтырған.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде жүкті әйелдер мен жасөспірімдерді
вакциналау науқаны жүріп жатыр.