332
2 желтоқсанда қандай елеулі оқиғалар болды?
2 желтоқсанда қандай елеулі оқиғалар болды?
1992 жылы Мәскеуде Халықаралық инженерлік академияның жалпы жиналысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған академияның академигі болып сайланды.
2005 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы пиротехникалық өнімдерді сынақтан өткізу орталығының таныстырылымы болды. Ұйымдастырушысы - Қазақжарылысөнеркәсіп акционерлік қоғамы. Жаңа орталық пиротехникалық құралдарды қауіпсіздік, экологиялық жағынан таза және стандарттарға сай екендігін анықтай алады. Қазақстан заңнамасына сәйкес, барлық пиротехникалық бұйымдар міндетті түрде сертификатталуы тиіс.
2005 жылы Алматыда қоқысты қайта өңдеуге арналған сынақ алаңы ашылды. Алаң 300 шаршы метр аймақты алып жатыр. Ол демеушілердің есебінен салынып, құны 4 миллион теңгені құрады.
2006 жылы бітімгершілік батальонының базасында (Казбат) қазақстандық бітімгершілік бригада (Қазбриг) құрылды. Аталмыш әскер серіктес елдермен бірге халықаралық деңгейдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады.
2007 жылы Алматыда орыс тілінде жазылған тарихи роман Сақтар кітабының қайта басылып шығуына байланысты салтанатты шара өтті.
2008 жылы Астанада Мәдениет пен діндердің халықаралық орталығы ашылды. Орталық Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде көтерген бастамасымен құрылды.
2008 жылы Алматыда САГА баспасында Серікбол Қондыбайдың Арғы қазақ мифологиясы атты кітабы басып шығарылды.
2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Елбасы сонымен қатар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2009 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеруге бағытталған Парыз конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
2009 жылы Қарағандыда өрт құрбаны болған өрт сөндірушілерге ескерткіш ашылды. Ескерткіш Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі үйінің жанында орнатылды. Ол облыс төтенше жағдайлар департаментінің және оның бөлімшелері қызметкерлерінің ерікті қайырымдылық қаражатына салынды.
2010 жылы Екібастұзда Қазақстанның еңбегі сіңген шахтері, Социалистік Еңбек ері, Павлодар облысы мен Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Богатырь көмір разъезінің бірінші директоры Станислав Куржейге құрмет тақтасы орнатылды.
2010 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ Саммитіне қатысқан барлық журналистерге Kazakhstan: The Misunderestimated Stan кітабын сыйлады. Онда әлемдік ағылшынтілді басылымдарда жарық көрген теңдессіз мақалалар мен 200-ге жуық суреттер басылған.
2011 жылы Қазақстанда Спорт журналистерінің қауымдастығы құрылды.
2011 жылы Ташкентте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандық жол атты кітабы өзбек тілінде шықты. Онда Қазақстанның жаңа тарихының ең күрделі әрі ең жарқын сәттері туралы баяндалған.
2011 жылы Бакуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің IV Халықаралық банк конференциясында Инвестициялық періште атты Халықаралық инвестициялық сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Лауреаттардың арасында Қазақстан да бар.
2012 жылы Ыстанбұл муниципалитетінің мәдениет орталығында ҚР Бас консулдығы Түркі кеңесімен бірлесіп, Н.Назарбаев - түркі әлемінің ақсақалы атты ғылыми конференция ұйымдастырды.
2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түрікменстанға келді. Онда Өзен -Берекет-Горган халықаралық теміржол магистралі ашылды.
2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанның жоғары атағы Халқының құрметті ақсақалы атты атағына ие болды.
2014 жылы Қытайдағы танымал журнал Цайцзин (Қаржы және экономика) Басты оқиғалар бөлімінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған Қазақстан Республикасының Нұрлы жол жаңа экономикалық саясаты туралы мақала жарық көрді.
2014 жылы Астанада Құрылыс саласының еуразиялық конгресі өтті.
2014 жылы Алматыда Тыңдашы, қалай жақсы естіледі жобасының аясында саңырау балаларға арналған кинокөрсетілім өтті.
2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның мазары ашылды.
2015 жылы Қызылорда қаласында Тарлан атты спорттық және күш-қуат жекпе-жегі түрлерінің әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
2015 жылы Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне қатысты суреттер мен картиналар, экспонаттардың көрмесі ашылды.
2015 жылы Ақмола облысының Ерейментау қаласында интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.
2016 жылы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Польшаның Вроцлав қаласында өткен гроссмейстер Кристина Радзиковскаяны еске алуға арналған халықаралық турнирінде жеңіске жетті.
Тоғыз раундтың қорытындысы бойынша Жансая 7 балл жинап, ресейлік гроссмейстер Анастасия Боднарукті және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері польшалық Моника Соцконы басып озды.