Ыстамбұлдағы қандастар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті (Видео)

Ыстамбұлдағы қандастар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті (Видео)

Ыстамбұлдағы қандастар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті (Видео)
ашық дереккөзі
50521

Ыстамбұлда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік кеш өтіп, ерлер арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Turkystan.kz. Мерекелік шарада қазақ диаспора өкілдері мен елде білім алып жатқан қазақ өнерпаздары әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй тартты. Қазақстан жайлы шағын фильм көрсетіліп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Меймандар қымыз ішіп, бауырсақтан дәм татты.

«Қазақстаннан болсақ та, Түркияның ең ірі қаласы Ыстамбұлдағы Гүнешли ауданында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап отырмыз. Біз өз елімізден алыста жүргендіктен біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі Қазақстанда жүрген қазақтарға қарағанда өте маңызды», - деді Қазақкент Алтай қауымдастығының төрағасы Эркан Гөкай.

Сондай-ақ, ерлер арасында футболдан жарыс өтіп, әуесқой спортшылар сынға түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

«Біз қазақ диаспорасымен тұрақты түрде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырып тұрамыз. Кездесулер, басқосулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, ірілі-кішілі концерттер, тағысын-тағылар. Осы арқылы, бір жағынан, қандастарымыздың елге деген махаббатын жандандырып, екінші жағынан, елде болып жатқан жаңалықтар туралы оларды хабардар етіп отырамыз», - деді ҚР Ыстамбұлдағы бас консулы Әлім Байел.

Тәуелсіздік мейрамына арналған шаралар мұнымен шектелмейді. Алдағы күндері Анкарада қабылдау кеші өтіп, Анадолының бірқатар қаласында мерекелік кештер ұйымдастырылады деп жоспарланған.

 

Серіктес жаңалықтары