52590
Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы отбасылық суреттерін көрсетті
Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы отбасылық суреттерін көрсетті
Жүрсін Ерманның шетелдегі күйеу баласы әлеуметтік желіде отбасылық суреттерін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Естеріңізде болса, бұған дейін ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманның эфиопиялықтармен құдандалы құда екені жайлы жазған едік. Интернеттегі қызу талқы басылмай жатып, эфиопиялық күйеу бала Эммануэль Жүрсін Ерманның немересі Айданамен түскен фотосын көпшілік назарына ұсынды.
Олар осыдан 4 жыл бұрын отбасы құрған. Бүгінде бұл жұп Швейцарияда тұрады. Айта кетейік, Эммануэль — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейесустың ұлы.