Қарағанды облысында үш кенші қаза тапты

Қарағанды облысында үш кенші қаза тапты

Қарағанды облысында үш кенші қаза тапты
ашық дереккөзі
372
Қарағанды облысындағы "Сарань" шахтасында төтенше жағдай кеше кешке қарай тіркелген. Қазіргі таңда үш кеншінің қаза тауып, тағы бесеуі жараланғаны белгілі. Олар Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникада жатыр.
Көмір шахтасына иелік ететін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының хабарлауынша, жараланған бесеудің бірінің жағдайы өте ауыр. "Оқиға болған жерге арнайы комиссия барды, олар төтенше оқиғаның қалай болғанын анықтайды. Зерттеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң белгілі болады", - деді АМТ компаниясының баспасөз қызметі. Мекеме қайтыс болған кеншілердің отбасыларына, туған-туыстарына көңіл айтты. Компания бұны "жазатайым оқиға" деп атады, бірақ нақты не болғанын түсіндіріп жатпады. Бірақ кеше кешке ақпарат агенттіктерінің бірінің хабарлауынша, шахтада аспалы жолдың бірі үзіліп кеткен болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары