«Жинақ шегінің өсуі қоғамда үлкен наразылық туғызды» - депутаттар Үкіметке шүйлікті

«Жинақ шегінің өсуі қоғамда үлкен наразылық туғызды» - депутаттар Үкіметке шүйлікті

«Жинақ шегінің өсуі қоғамда үлкен наразылық туғызды» - депутаттар Үкіметке шүйлікті
ашық дереккөзі
50210

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Бүгінгі таңда, 600 мыңнан астам адам жалпы сомасы 2 трлн. теңгеге өздерінің зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалана алды. 2021 жылғы 3 желтоқсанда БЖЗҚ өз сайтында 2022 жылға зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін жариялады. Нәтижесінде, жаңа жоғарылатылған шектер бойынша өз зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндігі бар салымшылардың саны 600-ден 150 мың адамға дейін, яғни 4 есе азайды. Жинақ шегінің өсуі қоғамда үлкен наразылық туғызды. Сондықтан бұл мәселені шешуге Мемлекет басшысы араласуға мәжбүр болды. Ол Үкіметке бұрынғы жеткіліктілік шегінің қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды. «Nur Otan» партиясының Фракциясы бұл уақыт Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ жіберген қателіктерді жою үшін жүйелі жұмыс жүргізуге пайдаланылуы тиіс деп есептейді. Біріншіден, 2021 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістермен және толықтырулармен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес келмейді. Мәселен, Заңның 1-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес, ең төмен жеткіліктілік шегі, бұл - ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болмайтын ай сайынғы зейнетақымен қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері. Алайда, Әдістемеде жалақының ең төмен мөлшерінің көрсеткіші (60 000 теңге) пайдаланылады. Осылайша, Әдістемеде біліксіз не болмаса саналы түрде әдіснамалық қателік жіберілген, ол 46 302 теңге ең төмен зейнетақы көрсеткішінің орнына ең төмен жалақы мөлшеріне шектерді байланыстырады, бұл жағдай ең төмен жеткіліктілік шегінің орта есеппен 64%-дан 83%-ға дейін ұлғаюына әкелді. Мысалы, 20 жастағы адам үшін шек 1,7 млн. теңгеден 3,1 млн. теңгеге дейін, 59 - 62 жастағы адамдар үшін 5,5 млн. теңгеден 9,1 млн. теңгеге дейін көтеріледі. Есептеулерде Заңда белгіленгендей, ең төмен зейнетақы көрсеткішін (46 302 теңге) пайдаланған кезде жеткіліктілік шегі 2021 жылмен салыстырғанда небәрі 9%-ға өсетін еді. Екіншіден, БЖЗҚ-да ең төмен жеткіліктілік шегін есептеу кезінде мүдделер қақтығысы бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ұстаушы ретінде халықтың өз жинақтарын алып қоюына мүдделі емес. Сондықтан ең төмен жеткіліктілік шегін есептеу БЖЗҚ өкілеттігіне кіре алмайды. Мұнымен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы саясатты іске асыруға жауапты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысуы тиіс. Ал БЖЗҚ тек операторлық қызметті - зейнетақы шоттарын жүргізуді, зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды, зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыра алады. Бұл саладағы саясатты қандай да бір акционерлік қоғам емес, тек Үкімет пен министрлік қана анықтай алады. Үшіншіден, қарапайым түрде жариялау мерзімі бұзылған. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі 3 желтоқсанда емес, 2021 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей жариялануға тиіс болатын. Тек БЖЗҚ интернет-ресурсында ғана емес, сондай-ақ баспасөз басылымдарында да жариялануы керек еді. Төртіншіден, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» депозитке аударуға рұқсат берді. Бірақ тиісті түзетулер 2021 жылдың 10 желтоқсанында ғана қабылданды. Бұл ретте өтінімдерді қабылдауға арналған ақпараттық жүйелер мен платформалар әлі пысықталуда. Президенттің тапсырмасын ескермегенге ұқсайды. Тағы да күтпеген жағдайлар орын алды. Зейнетақы жинақтарын мақсаты бойынша пайдалану мерзімі еш дәлелсіз 2 есеге: 45 күннен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып: 1) жеткіліктілік шегін есептеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішін пайдаланудан бас тарту; 2) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес ең төмен зейнетақы мөлшерін пайдалана отырып, 2022 жылға арналған ең төмен жеткіліктілік шегін қайта есептеу; 3) уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеткіліктілік шегін есептеу жөніндегі  өкілеттіктерді бекіту; 4) осы жылдың соңына дейін Президенттің зейнетақы жинақтарын «Отбасы банкіндегі» депозитке аудару мүмкіндігі туралы тапсырмасын орындау және зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімін 45 күннен 20 күнге дейін қысқарту бойынша түсінік беру; 5) қызметтік тергеп-тексеру жүргізіп, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуге жауаптыларды жазалау ұсынылады.

 «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері,

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаттары

 

Серіктес жаңалықтары