50268
«Біраз уақытқа жоғаламын» - тергеуде көз жұмған жігіттің сүйіктісі (ВИДЕО)
«Біраз уақытқа жоғаламын» - тергеуде көз жұмған жігіттің сүйіктісі (ВИДЕО)
Шымкентте Полиция департаменті ғимаратында көз жұмған Нұрболат Жұмабаевтың болашақ жары болуы мүмкін деген бойжеткеннің видеосы әлеуметтік желілерді шарлап кетті. Бейнежазбада «Кездесеміз ендеше біз, Алла жазса жұмақта» деп жазылған, деп хабарлады turkystan.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Желілерде тарап кеткен видеода марқұм Нұрболат Жұмабаевтың бірнеше суретін байқауға болады. Бейнежазбаны түсірген адам көз жасына ерік берді. LED экран арқылы көрсетілген ол видеоның үзіндісін Меруерт есімді желі қолданушысы ТіkТок-та бөліскен.
@saparova.meruert♬ оригинальный звук - Мика❤
«Өзгелерден өзгешеміз, Қосылмадық бірақ та. Кездесеміз ендеше біз, Алла жазса жұмақта» деген жазуды көруге болады видеодан.Сонымен қатар онда «Жаның жәннатта болсын! Қош бол!» деп жазылған. Келесі бір видеода жасын тыя алмай отырған бойжеткенді көруге болады. Онда «Сынаушы Алла. Сынақты беруші еді Алла. Алла тағала тек сүйген пендесін ғана сынайды... Біраз уақытқа жоғаламын» деп жазылған. Желі қолданушылары аккаунт иесіне көңіл айтып, сабырға шақырды. Марқұм Нұрболат Жұмабаевтың әкесінің адвокаты Талғат Есімов Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында қайтыс болған жігіттің кездесіп жүрген қызының есімі Меруерт екенін растады және ол бойжеткенді тергеу кезінде куәгер болуға көндіргенін айтты. Оған дейін мәйітті медициналық сараптамаға алып кірмей тұрып, полицейлердің көз жұмған жігіттің әкесіне ақша ұсынғаны белгілі болған еді. Кейін осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлігіне сәйкес («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, өлімге әкеп соғу») қылмыстық іс қозғалды. Айта кетсек, келіннің беташар рәсімін өткізу 17 желтоқсанға жоспарланған.