Ауыл балабақшасында балаларға құрттаған ботқа берілген

Ауыл балабақшасында балаларға құрттаған ботқа берілген

Ауыл балабақшасында балаларға құрттаған ботқа берілген
ашық дереккөзі
50354
Түркістан облысының Темірлан ауылындағы «Балбөбек» балабақшасында ас мәзірі мен беріліп жатқан тамақ мүлдем сәйкес келмейді, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Ұжым қызметкерлерінің зейнетақы мен міндетті медициналық сақтандыру қорына деп ұсталған ақша айлап түспейді екен. Ал балабақша мәселесін жақсы білеміз деген білім бөлімі шарасыз екенін айтады. Жазуына дейін оңып кеткен «Балбөбек» балабақшасында былтырдан бері береке жоқ. Бір жыл бұрын меңгерушісі жұмыстан босаған соң ұжымда жанжал көбейген. Үнемі «қаржы жетіспейді» деген басшылар мен есепші зейнетақы мен сақтандыру қорына деп ұсталған ақшаны бермейтінді шығарыпты. Тіпті «қарыздың орнын толтырамыз» деген желеумен әрқайсысының жалақысынан 5 мың теңге ұстайды екен. «Тиісті ақшамызды ала алмай жүрміз» деген қызметкерлер ашумен бар былықты жайып салды. Тілшілердің аяғына бахил орнына пакет кигізіп, ғимаратқа кіргізген олар ойыншықтардың түрін көрсетті. Ондағы бүлдіршіндер ойыншық деуге аузың бармайтын заттармен ойнауға мәжбүр.
«Майлық болып кеткен ғой мынау, шынымен. Ойнайды балалар. Ойыншық сұрасақ, өздерің ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, дұрыс сөйлессеңдер, ата-аналар әкеп береді дейді», - деп ашынды олар.
Қызметкерлердің айтуынша, бұл балабақшадағы көрсетілген ас мәзірі мен берілетін тағамдар екі түрлі. Көбіне еті жоқ тамақ, қатқан тәтті нан беріледі дейді. Тіпті арзан ботқадан құрт шыққан да кездер болған. Балалардың ұйықтап жатқан бөлмесі тазалық талаптарына сай емес. «Балбөбек» балабақшасындағы жатын бөлменің қақыраған қабырғасы өрмекшінің торындай сызаттарға толы. Жарықтардың үгіндісі балалардың бетіне түсе берген соң, әрі сызаттан суық ұрған соң, тәрбиешілер кереуеттерді амалсыз жарты метрге жылжытуға мәжбүр болыпты.

Серіктес жаңалықтары