Алматыда IX Медиа Құрылтай өтуде

Алматыда IX Медиа Құрылтай өтуде

Алматыда IX Медиа Құрылтай өтуде
ашық дереккөзі
226
Бүгін Алматыда Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мәселелеріне арналған тоғызыншы конференция -  MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ жұмысын бастады. Іс-шараның тұрақты ұйымдастырушысы және жоба авторы – Қазақстан Баспасөз клубы. Биылғы конференцияның тақырыбы «Ақпараттық саясаттың өзгеру жағдайындағы медиа-нарық» деп аталып отыр. Бүгінгі күні үкіметтің жаңа ақпараттық саясатына қатысты БАҚ алдында бірнеше мәселелер тұр. Бұған дейін негіз етіп алынған қағидалардан оның айырмашылығы қандай? Заңға енгізілуі мүмкін түзетулер медиа қауымдастығының үміттеріне қаншалықты жауап береді? Медиа саласындағы басты мамандар бүгін осы сұрақтарға жауап іздеуге тырысатын болады. Іс-шараның арнайы қонағы ретінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ шақырылды. «Кез келген салада заң өзгерту мәселесі – қиын әлі ауыр үдеріс. Өйткені ол әр түрлі қоғамдық қатынастардың бірнеше субъектілерінің мүдделерін қозғайды. Жиі бұл мүдделер әр түрлі векторларға бағытталған және әзірлеушілердің міндеті - енгізілетін стандарттарды теңгерімге келтіру. Сондықтан да басынан бастап біздің министрлік жариялылық және транспаренттік стратегиясын таңдады. Заңды талқылау Елбасының оны қолдап, қол қоюына дейін жалғасады», - деп атап өтті Министр. Басқа панельдік пікірталастардың аясында журналистер БАҚ қазіргі дағдарыс жағдайында қалай табыс тауып отырғандығын ортаға салмақ. Көптеген медиа-жобалар жабылудың алдында тұрғаны, ал кейбіреулері тіпті жабылып та қалғанын көпшілік біледі. Краудфандинг арқасында аман қалған медиа-бизнестердің мысалдары Қазақстанда жоқ емес, алайда табысты дамуды жалғастыру үшін не қажет? Пікірталасқа  ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан ӘЖІБАЕВ,  Vlast.kz бас редакторы Вячеслав АБРАМОВ, TNS Central Asia бас директоры Татьяна СТАРЦЕВА, 31-арна бас директоры Бағдат Қожахметов, «Қазмедиа орталығы» бас директоры Мирболат АЮПОВ және т.б. тұлғалар қатысатын болады. img_1231 Жалпы айтқанда, конференцияға қатысушылар соңғы жылдары жаһандық және жергілікті саяси, қоғамдық, әлеуметтік өзгерістердің ықпалымен отандық БАҚ нарығында қалыптасқан жағдайды талдамақ. БАҚ этика нормаларынан аттамастан қалай өсе алады, қазіргі заманғы журналистикаға қандай құралдар қажет, отандық журналистер ашық мәліметтерді қалай қолдана алады? Қатысушылар арнайы шеберлік сабақтарының бірінде мобильдік контентті жасау дағдыларын игеріп, қысқа бейнелерді жасау кезінде қандай форматтарды қолдануға болатындығы жөнінде ақпарат алады. «Біз еліміздегі медиа-нарықтың мәселелерін шешуде үлкен рөл ойнап отырған  MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ конференциясын осымен тоғызыншы рет өткізіп отырғандығымызға қуаныштымыз. Жақында ғана Ақпарат министрлігі қайта құрылды, заңға біқатар өзгерістер енгізіледі деп жоспарлануда. Сондықтан осы күрделі мәселелерді ескере отырып, біз БАҚ-ның келешек дамуында орын алуы мүмкін сценарийлерді ортаға салғымыз келеді. Біз БАҚ саласында жарнамадан түсетін кірістің өте қатты азайғандығын көріп отырмыз. Сол себепті, әрине, қиын экономикалық жағдайда медиа саласын қолдап, оны дамытуға мүмкіндік беретін жолдарды әңгімемізге арқау етпекпіз. Биыл бүкіл Қазақстан аумағынан 200-ден аса адамның басып қосып отырған осы конференциямыз соңына дейін аса қызықты өтеді деп күтілуде», - деді Қазақстан Баспасөз клубының президенті Әсел ҚАРАУЫЛОВА.

Серіктес жаңалықтары