215
Қазақстанда СПИД пен ВИЧ-ке қарсы күрес айлығы жарияланды
Қазақстанда СПИД пен ВИЧ-ке қарсы күрес айлығы жарияланды
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың бірқатар өкілдері Қазақстанда ВИЧ және СПИД-ке қарсы күрес айлығы басталғанын жариялады.
Қазіргі таңда елде 26 мыңнан астам ВИЧ жұқтырған азамат бар. Бұл туралы СПИД-пен күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың бас директорының орынбасары Ирина Петренко мәлімдеді.
Жыныстық қатынас ғана емес, ВИЧ ауруы көбіне есірткі инесі арқылы тарап жатыр.
Биылғы науқан "Мен ВИЧ профилактикасын қолдаймын!" деген ұранмен 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. СПИД-пен күрес орталығы Қазақстан тұрғындарын осы науқанды қолдауға шақырды. Ол үшін алақанға немесе бір парақ қағазға ВИЧ профилактикасы туралы пікір жазып, оны әлеуметтік желілер арқылы тарату керек.