Хаменова ақшасын жеп қойған Абай ескерткіші кейін ашылады

Хаменова ақшасын жеп қойған Абай ескерткіші кейін ашылады

Хаменова ақшасын жеп қойған Абай ескерткіші кейін ашылады
ашық дереккөзі
50290
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ұлы ақын Абайдың ескерткішін орнатуға бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін ұсталған болатын. Осыған байланысты дайын тұрған ескерткіштің ашылу салтанаты кейінге қалдырылды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. Айта кетейік, Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату туралы ұсыныс 2018 жылдың 5 сәуірінде Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткішін қорғау жөніндегі комиссия отырысында мақұлданып, Мәдениет және спорт министрлігіне жолданған. Ал министрлік 17 шілдеде ұсынысты мақұлдау туралы шешім шығарды. Одан кейін Абайдың мүсінін жасауға жарияланған байқауда мүсінші Асқар Нартовтың туындысы жеңіп шықты. Қазір ескерткіш дайын тұр. Салмағы – 5 тонна, биіктігі – 11 метр. Бақытгүл Хаменова ұсталғаннан кейін ескерткіштің ашылу рәсімі 27 желтоқсанға ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары