Facebook пайдаланушыларын 7 ұйым жасырын бақылаған

Facebook пайдаланушыларын 7 ұйым жасырын бақылаған

Facebook пайдаланушыларын 7 ұйым жасырын бақылаған
ашық дереккөзі
50273
Meta Platforms (бұрынғы Facebook) 50 мыңға жуық пайдаланушыны бақылаған 7 ұйымды бұғаттады, деп хабарлады компания өз веб-сайтында. Шабуылшылар Қытай, Үндістан, Израиль және Солтүстік Македонияда орналасқан. Олар 100-ден астам елдің Facebook пайдаланушыларын бақылаған. Meta ұйымдардың инфрақұрылымын бұғаттады және оларға қауымдастық ережелерін бұзу туралы ескерту жасады. Бұл ретте зиянды әрекеттерден зардап шеккен Facebook пайдаланушыларының шағымы ескерілген. Бұған дейін Facebook-тің бет-әлпетті тану жүйесінен бас тартатыны хабарланған болатын. Meta миллиардтан астам адамның бет-әлпетін тану үлгілерін жою туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары