51792
Ерте қартайған елордалық бала блогер болғысы келеді
Ерте қартайған елордалық бала блогер болғысы келеді
Нұр-Сұлтан қаласының cирек кездесетін тері ауруына шалдыққан 8 жасар тұрғыны Ернар Әлібеков болашақта IT саласының маманы болғысы келеді. Бұл туралы Экспресс К тілшісіне баланың анасы айтып берген, деп хабарлады turkystan.kz.
«Дәрігерлерге үнемі қаралып тұрамыз, қазір өзін жақсы сезінеді. Суда жүзуді қолға алды, жарты жылдан бері барып жүр. Өзіне қатты ұнайды. Қимылы ширақ, жеңіл қозғалатын болды», - дейді баланың анасы Зибенса Төлепбергенова.Жасөспірім жалпыға ортақ мектептің 3-сыныбында оқиды. Алайда қазір көбіне үйде білім алып жүр екен. Соған қарамастан, оқуда озат көрінеді. Сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Сондай-ақ, Ернар кітап оқығанды жақсы көреді екен. Қазір фортепианода ойнауды үйреніп жүр. Ұстаздарының айтуынша, баланың талабы мықты. Жаңа жыл қарсаңында ерекше бала Аяз атадан сыйлыққа компьютер сұрауды ойлап жүр екен.
«Ұлымның бұл арманы жайлы жергілікті әкімдік естіп, сыйға тартты. Өнерлі жасөспірімдер арасындағы байқауға қатысқанбыз. Ернар фортепианода Қазақстанның Әнұранын ағылшынша шырқап, Отан туралы өлең оқыды», - дейді анасы.Ернар өскенде ақпараттық технологиялар тілін жетік меңгеріп, YouTube-блогер болуды армандайды.
«YouTube арнасын ашып, жетістікке жеткісі келетінін көп айтады. Ол өте көңілді бала, көп қалжындайды, әңгімелескенді ұнатады. Ақылды. Оның үстіне алдына қойған мақсатқа жетпей қоймайды», - дейді Зибенса Төлепбергенова.Негізінде дүниеге келгенде оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмапты. Кейін дәрігерлер бірнеше ауытқуды байқаған. Солардың бірі – жүрек ауруы. Бірнеше айдан соң Ернардың бет терісі салбырай бастаған. Кейін бұл дерті бүкіл денесіне таралыпты. Баланың қазіргі жағдайын дәрігерлер де, ата-анасы да мұқият бақылауда ұстап отыр.