«Перғауын заманынан бері ешкім билікті ұнатпайды» - Ақтөбе облысының әкімі

«Перғауын заманынан бері ешкім билікті ұнатпайды» - Ақтөбе облысының әкімі

«Перғауын заманынан бері ешкім билікті ұнатпайды» - Ақтөбе облысының әкімі
ашық дереккөзі
50453
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өзіне айтылатын сынға қалай қарайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
"Әрине, мен бұқара алдына жиі шығатын адаммын. Барлық жаман нәрсе, әрине, бірінші басшымен байланысты болады. Сенсеңіз, перғауын заманынан бері ешкім билікті ұнатпайды. Бұрын Брежнев заманында да ас үйде отырып, сынау болған. Рас, қазір сынға ұшырағандар Брежнев кезеңдерін ностальгиямен еске алады", - деді Ақтөбе облысының әкімі.
Ол кез келген уақытта және қоғамда әрқашан билікті жамандайтын адамдар болатынын айтты. Оңдасын Оразалиннің айтуынша, оқырман тарту және ерлік үшін облыс әкімін сынға алу ең ыңғайлы тәсіл екенін айтты. Сонымен қатар, ол сынға сабырлы қарайтынын мойындады.
"Бұл - қалыпты құбылыс. Билік жіті бақылауда болуы керек. Батыста үкіметті сынамайды деп ойлайсыз ба? Сынға алады! Кез келген қоғам қайраткері бақылауда. Бұған не түрткі болды: әшкерелеуге деген шынайы ниет. Біреу өз мүддесін қорғағысы келеді, ал біреу өзгелерді сынап-мінеп, оған жаман болғанынан ләззат алады. Сын сындарлы болса, онда оны қабылдап, шаралар қолданып, мәселені жою керек", - деді әкім.

Серіктес жаңалықтары