50316
«Пиар үшін жасалған»: 55 миллиондық беташардың иесі «кюнетчик» екен
«Пиар үшін жасалған»: 55 миллиондық беташардың иесі «кюнетчик» екен
Беташар табағына 55 миллион теңге жиналған тойға қатысты тың ақпарат шықты. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, бұл Түлкібас ауданындағы Кемербастау ауылының 27 жастағы тұрғынының беташары көрінеді. Тележурналиске Бақнұр есімді тұрғын соған қатысты хат жазған. Бұл ретте беташарға 55 миллион теңге лақтырды деп желіні шулатқан тойдың артында жүздеген адамның «көз жасы жатыр» екен. Той иесінің көршісі бір жыл бұрын ауылда сол үшін айқай-шу болғанын жайып салыпты.
Тағы оқи отырыңыз: «Жыртыл, қазақ!»: беташар табағына 55 млн теңге жиналды (ВИДЕО)
«Бұл біздің ауылдың баласы. 94-жылғы. Екінші рет үйленіп жатыр. 55 млн беташардан ақша түсті дейтіндей, ол кюнетте істейді . Өзінің үйіне тақалып тұрған Нұргүл деген көршісін (кітапханашы, айлығы 40-50 мың) 1 млн-ға кредитке кіргізіп жіберген. Қазір араласпайды осы үшін. Халықтың көз жасының ақшасы бұл. Пиар үшін жасалған... Бұндайларға шара қолдану керек. Аңқау қазақты кредитке кіргізіп, сол ақшаға шетел араламай. 55 млн алса, мамасы мектептегі мұғалімдерден құдалыққа деп ақша жинамас еді... Ауылдың кез келгенімен сөйлессеңіз, Серікті жұлып жеуге дайын, бәрі бетіне түкіреді…» делінген аталған жазбада.