50340
Мәжілісмендер асханадан «қатты сасып, бетті басып» қаша жөнелді (ВИДЕО)
Мәжілісмендер асханадан «қатты сасып, бетті басып» қаша жөнелді (ВИДЕО)
22 желтоқсанда өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін бір топ депутат, журналистердің сауалынан қашып, залдан шығаберістегі асханасының есігін құлыптап алды, деп хабарлады Turkystan.kz.
Азаттық радиосы таратқан ақпаратқа сәйкес, үнемі ашық тұратын асхана жабылып, ешкім ішке кіре алмаған.
Депутаттарға сұрақ қоймақ болған журналистер оларды сыртта күткен.
Бір сағаттан соң «тығылып» қалған депутаттар артқы есіктен қашып шығып кетті. Тіпті, кейбірі бетін қағазбен жауып алған.