Депутат күмән келтірген ұлттық холдинг ақыры құрылды

Депутат күмән келтірген ұлттық холдинг ақыры құрылды

Депутат күмән келтірген ұлттық холдинг ақыры құрылды
ашық дереккөзі
50354
Қазақстанда жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ құрылды, деп хабарлады turkystan.kz. Холдинг қызметінің негізгі мәні «жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік қатысу үлестері биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын тұрақты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіптің дамуын ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімдерге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында холдингтің иеленуіне және пайдалануына берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару» болып айқындалды. Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптасады. Қаулыға сәйкес, Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті алдағы уақытта QazBioPharm холдингінің жарғылық капиталына БҚПҒЗИ, БҚҰО, РКМ, ҰҒООИ, «OtarBioPharm» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлестерін және «Биомедпрепарат» ғылыми-талдау орталығы» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесін 88,72% мөлшерінде беруді қамтамасыз етуі тиіс. Еске сала кетсек, биылғы қыркүйекте осы «QazBioPharm» холдингін құрып, оған бірқатар биоқауіпсіздік нысандарын беру жоспарланғанын алға тартқан Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова оны құру сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді деп қауіптенген еді. Енді не болары – уақыт еншісінде.

Серіктес жаңалықтары