Биыл жаңажылдық шыршалардың да бағасы өскен

Биыл жаңажылдық шыршалардың да бағасы өскен

Биыл жаңажылдық шыршалардың да бағасы өскен
ашық дереккөзі
50309
Қазір базарлар мен дүкендер жасанды шыршалар мен фейерверкке толған. Сондай-ақ сырттан қарағай бұтақтарын кесіп әкеліп, соны шырша еткендердің де маусымдық саудасы қызып тұр, деп жазды turkystan.kz. Жалпы елімізде табиғи шыршаның өзін кесуге заңмен тыйым салынған. Сондықтан олар көбіне Ресейдің Челябі, Қорған облыстарынан жеткізіледі. Алыпсатарлар желтоқсанның соңғы 5 күнінде шыршаға сұраныс тіптен артатынын айтып отыр. Соған орай, бағасы да көтерілген.
«Бағалары 5-15 мың теңге аралығында. Бекітетін құралды да бізден алуыңызға болады. Металдан жасалғаны – 3 мың, ағаштан жасалғаны 2 мың болады. Өткен жылға қарағанда баға ептеп өсті. Шырша Ресейде де қымбаттағандықтан, оны бізге жеткізетін жүк тасымалының құны да көтеріліп отыр», - дейді сатушылардың бірі.

Серіктес жаңалықтары