50364
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жаңа жолға 75 миллиард теңге жұмсалмақ
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жаңа жолға 75 миллиард теңге жұмсалмақ
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Өзбекстанға жаңа автомобиль және темір жол салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі елдің тарабы желтоқсан айында «Қызылорда - Үшқұдық» автожолы мен темір жол құрылысының жоспарына қол қойды.
Жаңа бағыттың ұзындығы 280 шақырымды құраса, оның 140 шақырымы Өзбекстан аумағы арқылы өтеді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталып, екі-үш жылда аяқталады деп жоспарлап отыр.
«Автожол құрылысының сметалық құны 75 млрд теңгені құрайды, оның ішінде өткізу пунктінің құрылысына бес миллиард теңге жұмсалады», - деді министрлік.Министрліктің болжамы бойынша, бұл жол Орталық Азия елдерін Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік аймақтары арқылы Ресеймен біріктіреді. Жол Қызылорда – Жезқазған – Павлодар – Ресей шекарасы халықаралық дәлізінің бір бөлігі болады. Сондай-ақ, Өзбекстан тарапы да Қызылорда - Үшқұдық жаңа темір жол желісін салуға бастамашылық етуде. Енді техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін экономикалық талдау жүргізу қалды.