Қыдырәлі Болманов мерейтой қарсаңында медаль алмағанына қапалы

Қыдырәлі Болманов мерейтой қарсаңында медаль алмағанына қапалы

Қыдырәлі Болманов мерейтой қарсаңында медаль алмағанына қапалы
ашық дереккөзі
50776
Белгілі әнші, АБК, Ұлытау топтарының негізін қалаушы Қыдырәлі Болманов өзінің Instagram-дағы парақшасына өнердегі соқпақтарын тізіп, сол үшін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елеп-ескермегендерге базынасын жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
«...Қатып қалған «орысша мұзды» жарып, қазақша жол салдым! Одан соң Ұлытау тобы, Қарақатты қолға алдым. Қыдырәлі+Қарақат тұңғыш «үйленген ғашықтар» дуэтін жасадым. Бүгін сол кезден бірге келе жатқан дос-бауырларымызды көріп, тар жол, тайғақ кешкен сол жылдар, сол күндеріміз есіме түсіп, кәдімгідей толқығаным рас. Пандемия деген бәледен кейін бәрінің амандығын тілейді екенсің. Жазатын, айтатын әсерлі әңгіме әрине көп. Кітап қылып жазбасаң, кішігірім парақшаға сыймайды. Осының барлығы естеріңізде болар... Амандықтарыңызды тіледік! Қайырлы кеш, Қазақ Елі! (Медаль алмағандар, өзіміз отырып, шәй ішейік!)», - деді көңілінде бір дық бар екенін астарлаған әнші.
Оны оқыған жұрт «Менің ойымша, медаль алғандар ұялатын заманға жеткен сияқтымыз... Медальды қандай жолмен алуға болатынын халық біліп қалды. Қадір-қасиеті болмай қалды... Қыдырәлі, медаль алмағаның дұрыс болыпты! «Тамшылар» - тамаша туынды!», «Қыдырәлі, айналайын, сенің Ұлытауың – кез келген марапаттан да жоғары лауазымға ие. Сен – халықтың ұлысың, елдің құрметіне ие азаматысың. Жаңбырша жауған медальдан, халық ықыласы миллион есе артық. Аман болыңыздар!» дегендей жұбаныш сөздерін айтып қалып жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Серіктес жаңалықтары