50203
«Құрбанына» интимдік қызмет ұсынған алаяқ ұсталды
«Құрбанына» интимдік қызмет ұсынған алаяқ ұсталды
Таяуда Өскемен қаласының Үлбі ПБ кезекші бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған облыс орталығының 18 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленушінің айтуынша, сол күні түнгі уақытта интимдік қызмет көрсетемін деп, оның пәтеріне келген 25-30 жас шамасындағы қыз 11 мың теңгесін алдап алып кетіпті, деп хабарлады turkystan.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Криминалдық полиция қызметкерлері дереу іске кірісіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Көп ұзамай ұсталған күдікті қаланың 33 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Іс жүргізу барысында ол өз кінәсін мойындады.
Қазір «интимшіл» әйелге қатысты факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі деп танылған жағдайда оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.