Балаларды ұрған тәрбиеші суицид жасады

Балаларды ұрған тәрбиеші суицид жасады

Балаларды ұрған тәрбиеші суицид жасады
ашық дереккөзі
50719
Алматыда балабақшада балаларды ұрған тәрбиеші өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады, - деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы қаласының Полиция департаменті 1979 жылы туған Б. есімді азаматша өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Мән-жайлар анықталуда», - делінген Полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Ақпаратты Алматы қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті растады. Тағы оқи отырыңыз: Алматы балабақшасында тәрбиеші бүлдіршіндерді оқтаумен ұрған (ВИДЕО)
«Иә, бізге бұл ақпарат жаңа жетті. Оқиға бүгін болды. Егжей-тегжейін әлі білмейміз», - деп хабарлады департамент.
Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті желі қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Кейін тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды.

Серіктес жаңалықтары