50271
Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер басқа аймақтарға көшіріледі
Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер басқа аймақтарға көшіріледі
Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың айтуынша, Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі қоймаларда сақталған оқ-дәрілер еліміздегі басқа қоймаларға көшірілуі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әскери бөлімдегі оқ-дәрілердің барлығы еліміздің әр өңіріндегі басқа қоймаларға жеткізіледі. Мысалы, Аягөзге немесе басқа да бірнеше қоймаға тасымалданбақ. Нақты қайда және қанша жеткізілгенін дәл қазір айта алмаймын. Жалпы, бұл бағыттағы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Дарын Тұяқов.Белгілі болғандай, қауіпті оқ-дәрілерді шығару үшін арнайы орындар дайындалған.
«Тұтас бағдарлама қабылданып, осы бағытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыспен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айналысуда», - деді ол.Айта кетейік, биылғы жылдың 26 тамызында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Қайнар ауылының жанында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде бірнеше жарылыс болып, 17 адам қаза болған еді.