Журналист Бекболат Тілеуханның үстінен арыз жазды (ВИДЕО)

Журналист Бекболат Тілеуханның үстінен арыз жазды (ВИДЕО)

Журналист Бекболат Тілеуханның үстінен арыз жазды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50272

Бүгін депутат Бекболат Тілеуханның өз еркімен отставкаға кету туралы өтініші қабылданған Мәжілістегі жиыннан кейін БАҚ өкілдері оған түрлі сұрақтарын жаудырды, деп хабарлады turkystan.kz Әңгіме кезінде экс-депутатқа журналист Айнұр Коскинаның сұрақтары ұнамай қалған сыңайлы. Бірнеше сөз таластан соң экс-депутат журналисті итеріп, жеке затын сындырған көрінеді.

«2021 жылдың 29 желтоқсанында «102» арнасына  журналист Айнұр Қоскинадан сағат 10:15-те Парламент ғимаратында экс-депутат Бекболат Тілеуханның кәсіби қызметіне кедергі келтіріп, штативті қасақана бүлдіргені жайлы және денсаулығына жеңіл зиян келтіргені туралы шағымы келіп түсті», - деп растады Нұр-Сұлтан қаласының ПД.

Бұл арыз Есіл аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары