Аяз ата болып киінген автобус жүргізушілері көпшілікті қуантуда (ВИДЕО)

Аяз ата болып киінген автобус жүргізушілері көпшілікті қуантуда (ВИДЕО)

Аяз ата болып киінген автобус жүргізушілері көпшілікті қуантуда (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50387
Шымкентте автобус жүргізушілері көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Аяз ата кейпіне еніп, мереке мерейін арттырды. Бұған қала тұрғындары дән риза болды, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Қоғамдық көліктің іші де, сырты да мерекеге сай безендірілген. Түрлі-түсті жылтырақтар, әртүрлі әшекейлер бірден көзге түседі. Мерекелік көңіл-күйді жаңажылдық ән әрлей түскен. Автобус ішіндегі атмосфера мүлдем бөлек. Ал Аяз ата кейпіндегі автобус жүргізушісі жаңа жылдың сәнін аша түскендей. Идея авторы автобус жүргізушісі - Еркебұлан Өскенбаев екен. Биыл екінші жыл қатарынан Аяз атаның кейпіне енген 30 жастағы жүргізуші өзгелерді қуантуды жаным қалайды дейді. Автобус ішін де өзі безендірген.
«Жаңа жылда халыққа жаңа көңіл-күй сыйлағым келді. Кішкене қызығырақ болсын, халықтың көңілін көтерейік деп. Кішкентай балаларымызға, бүлдіршіндерімізге сыйлығымызды беріп жатырмыз», - дейді Еркебұлан.
Жолаушылар автобуста әсем ән тыңдап қана қоймай, Аяз атамен суретке түсіп, мәз-мейрам. Шымкентте ауа-райы көктем күніндей болса да, автобусқа мінген әрбір жолаушы жаңа жылды сезініп, ерекше әсер алғандарын айтуда.
«Бүгін бірінші рет мініп тұрмын. Күшті автобустарыңыз. Керемет», «Кез келген автобусқа мінем деп шыққам үйден. Тура осы автобусқа дәл келіппін. Аяз атамен бірге қаланы аралап жүргеніме қуаныштымын», «Келе жатқан барыс жылы барлықтарыңызға құт-береке әкелсін. Дендеріңізге саулық әкелсін. Аяз атаға рақмет, қаншама адамның көңілін көтеріп келе жатыр» деседі қала тұрғындары.
 

Серіктес жаңалықтары