50279
Күрішбаев Аяз ата болып, Нүкетаева қазы аспақ: сенаторлар демалысқа кетті
Күрішбаев Аяз ата болып, Нүкетаева қазы аспақ: сенаторлар демалысқа кетті
Бүгін Сенат депутаттары 2021 жылдың соңғы отырысын өткізді. Сол сәтте журналистер олардан Жаңа жылды қалай қарсы алатынын сұрады, деп жазды turkystan.kz.
Айтуларынша, сенаторлар да Жаңа жылды бүгін Аяз ата, Ақшақар болып айрықша қарсы алуға дайын екен. Көбі туған-туыстарымен бір дастарханда бас қоспақ.
«Жаңа жыл отбасының мейрамы ғой. Сондықтан әрқашан өзімнің отбасымда, немерелерімнің қасында қарсы аламын. Өзім Аяз ата болып киінемін. Жолдасым Ақшақар болады. Солай екеуміз жылда осылай қарсы аламыз. Немерелерімізге сыйлықтарын алып қойдық», - дейді сенатор Ақылбек Күрішбаев.Сондай-ақ мерекені демалыс орындарында қарсы алатын депутаттар да бар. Мысалы, Динар Нүкетаева бүгін отбасымен бірге Бурабай демалыс орнына баруды жоспарлап қойған.
«Дастарханға түнгі 12-де қазы пісіреміз. Алматының апорты болады. Бауырсақ пісіреміз. Балаларға тәтті-дәмді тағамдар жасаймыз», - дейді ол.