Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді

Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді

Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді
ашық дереккөзі
50387
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.  Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2022 жылғы 05 қаңтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.  2. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары