Алматы мен Маңғыстауда төтенше жағдай жарияланды

Алматы мен Маңғыстауда төтенше жағдай жарияланды

Алматы мен Маңғыстауда төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
50292
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтар, сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтар, сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. «Президент телевизия арқылы жасаған Үндеуінде айтқандай, іштен және сырттан болған сан түрлі ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдайды деп үміттенеді», - деп жазылған Ақорда хабарламасында. Еске салсақ, 2 қаңтар күні Жаңаөзен тұрғындары биліктен сұйытылған газ бағасының төмендетілуін талап етіп, жаппай митингке шыққан болатын. Тағы да оқи отырыңыз: Шұғыл: Президент елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)    

Серіктес жаңалықтары