Поллиэтилен зауыты 300 тонна өнім шығарды

Поллиэтилен зауыты 300 тонна өнім шығарды

Поллиэтилен зауыты 300 тонна өнім шығарды
ашық дереккөзі
407

Индустриалды — инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылы Таразда полиэтилен пленкаларын шығаратын «Поллиэтилен Агро» зауыты іске қосылған болатын. «Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарлама арқылы бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша 40,6 млн. теңгеге – жол салу, газдандыру, электр желісі және су құбыры тартылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Серіктестігі бау бақша егетін шаруалардың қажеттілігін қамтып отыр. Серіктестік шығаратын тауар – пленкалар мен полиэтилен жіп. Мұндағы ені 10 метрлік пленкалар негізінен бау-бақшаға, яғни жылыжайларға арналып шығарылады. Сонымен қатар, пленкаларды азық-түлік өндірушілер тағамдардың тазалығын сақтау үшін өнімді қаптауға пайдаланады. Сол секілді полиэтилен жіптерін де көбіне ауыл шаруашылық бағытына қолданады екен.
Таза пленкаларды, азық-түлік қаптамаларын шығарғанда қалатын қалдық өнімдерді қайта өңдеп, құрылысқа қажетті материал дайындайды. Яғни, көлемді шығарылатын қоңырқай түсті пленкаларды құрылыста сыз өткізбейтін төсеніш ретінде қолданады. Серіктестікте өндіріс орнынан шыққан қалдықты пайдаға жарату көзделген. Пленканы енін 10 метр етіп шығаратын құрылғы Қытайдан әкелінді. Ауыл шаруашылық тауарларының 80 пайызы оңтүстік аймақта өндірілетіндіктен зауыт осы аймаққа салынды. Мұнда жылына 300 тоннаға дейін өнім шығарылады. Алдымен тағамдар қаптамасына, ауыл шаруашылық бағытына қажетті таза, өте көлемді пленкаларды шығарады. Одан шыққан қалдықтарды қайта өңдеп, полиэтилен жібін өндіріледі. Сол жіптерден қоңырқай түсті пленкалар шығарылады. Оны жол салғанда, ғимарат тұрғызғанда астына төсеуге қолданады. Өндіріс ешбір қалдықсыз.  Ал шикізат  Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдерінен алып келінеді. Қазір 50 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік жұмыс қарқыны бәсеңдемей, өнім өрісі артса, өндірістің жұмысын кеңейтпек көрінеді.

Серіктес жаңалықтары