Алматыда 2 экстремистік топ ұсталды

Алматыда 2 экстремистік топ ұсталды

Алматыда 2 экстремистік топ ұсталды
ашық дереккөзі
50201
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау және жасалған қылмыстардың себептерін анықтау бойынша кешенді іс-шараны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 4-8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ құрықталған. 9 қаңтарда экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір топтың 4 мүшесі ұсталды. Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атыс қаруы, гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді. Ұйым жетекшісі - халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шет ел азаматы. Тергеу тұжырымы бойынша, оның Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгендігі анықталды.
«Оған осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылды. Тергеу жүріп жатқандықтан кейбір ақпараттарды жариялау әзірге мүмкін емес», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазір жедел тергеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінде қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттар жалған болып шықты. Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінің талаптарына сәйкес, департамент күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда.

Серіктес жаңалықтары