50383
«Бұл біздің мемлекетке қарсы басталған террористік соғыс» – Тоқаев
«Бұл біздің мемлекетке қарсы басталған террористік соғыс» – Тоқаев
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктерді мемлекетке қарсы бағытталған нағыз террористік соғыс деп бағалады, деп жазды turkystan.kz.
«Мемлекет ресурсын тауысу үшін шабуыл ұйымдастырушылар үлкен майдан ашты. Агрессия бір уақытта 11 өңірді қамтыды. Бірақ негізгі соққы Алматыға қарсы бағытталды. Өздеріңіз білетіндей, бұл біздің ең ірі қаламыз және елдің қаржы орталығы, онда маңызды көлік және коммуникация тораптары шоғырланған. Алматының құлауы халық тығыз орналасқан оңтүстікті, содан кейін бүкіл елді басып алуға жол ашар еді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің айтуынша, террористер құқықтық тәртіп күшін өзіне тартып, содан кейін Қазақстан астанасына соққы беруді көздеген.
«Біз Президент резиденциясының айналасында содырлардың жиналғанын көрдік. Шын мәнінде, бұл біздің мемлекетке қарсы түрлі әдістермен басталған нағыз террористік соғыс болды. Бұл біздің бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауымызды талап етті. Бұл – жақсы дайындықтан өткен кәсібилердің, оның ішінде арнайы винтовкалары бар сұрмергендердің әрекеті», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.