50477
Президент содырлар екі сарбаздың басын кесіп алғанын растады
Президент содырлар екі сарбаздың басын кесіп алғанын растады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс сессиясында бүлікшілер екі әскери қызметкердің басын кесіп алғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бандиттер полицейлерге, әскерилерге шабуыл жасап, оларды асқан қатыгездікпен ұрып-соққан. Екі әскери қызметкердің басын кесіп алған», - деді Мемлекет басшысы.Бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев бүлікшілер екі курсанттың басын кесіп алғанын мәлімдеген болатын.