Елімізде экономикалық шығын 3 млрд долларға жуықтаған

Елімізде экономикалық шығын 3 млрд долларға жуықтаған

Елімізде экономикалық шығын 3 млрд долларға жуықтаған
ашық дереккөзі
50263
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздік пен лаңкестік салдарынан келтірілген экономикалық шығынның 3 млрд долларға жуықтағанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.  Шарль Мишельдің өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі қазіргі оқиғалардың себептері мен қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар жөнінде мәлімет берді. Президент конституциялық құрылысқа нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған террористер мен бұзақылардың зорлық-зомбылық әрекеттері туралы айтты. Президент лаңкестердің әрекеті салдарынан көптеген құқық қорғау қызметкері мен бейбіт тұрғынның құрбан болғанын, 1300-ге жуық кәсіпкерлік нысанға залал келгенін, 100-ден астам сауда орталығы мен банк тоналғанын, 500-ге жуық полиция көлігі өртенгенін айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағалауынша, мемлекеттің алдын ала экономикалық шығыны 2-3 миллиард АҚШ долларын құрайды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Серіктес жаңалықтары