Алматыда лаңкестер 41 мәйітті ұрлап әкеткен

Алматыда лаңкестер 41 мәйітті ұрлап әкеткен

Алматыда лаңкестер 41 мәйітті ұрлап әкеткен
ашық дереккөзі
50258
Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мәйітханалардан 41 мәйіт ұрланған, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.
«Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Олар қаза тапқандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Сол күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалып, соның барысында белгісіз біреулер қаза тапқан 41 адамның денесін ұрлап кеткен», - деді Таймерденов.

Серіктес жаңалықтары