50228
Атырауда бүлікшілер 18 жастағы сарбазды көпірден лақтырып жіберген
Атырауда бүлікшілер 18 жастағы сарбазды көпірден лақтырып жіберген
Атырауда бүлікшілер жаппай тәртіпсіздік кезінде 18 жастағы жауынгерді соққыға жығып, көпірден лақтырып жіберген, деп хабарлады turkystan.kz.
Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, рұқсат етілмеген митингтер кезінде 5546 әскери бөлімінің 18 жасар сарбазы жараланған. Жас жігіт өзін 6 адамның соққыға жыққанын көрген.
«Ол, сондай-ақ, басқа сарбаздардың да қалай соққыға жығылғанын көрген. Алты жігітке қарсы төтеп бере алмайтынын білген солдат кейін шегінуге тырысады. Алайда арт жақта автокөлік көпірі болған. Бір топ адам 18 жастағы жасөспірімді көпірден лақтырып жіберген. Сарбаз мұзға құлап кеткен», - дейді полиция өкілдері.Дәрігерлердің айтуынша, сарбаз оқ өтпейтін жилет пен касканың арқасында ғана тірі қалған.
«Алты адамды санап үлгердім. Маған не істейтіндерін түсінбедім. Олар мені ұрып жатқанда «өлтіру керек» деген сөз айтылды. Мен шаруам біткен екен дедім. Көпірден құлап кеткен соң есімнен танып қалыппын. Кейін оянсам, айналамда ешкім жоқ екен. Орнымнан әрең тұрып, жолға шығып, көлікті тоқтаттым. Әскери бөлімге жетіп, сол жерден госпитальға жатқызылдым. Қазір жағдайым жақсы», – дейді сарбаз.