50455
Тасмағамбетовтің күйеубаласы мен қызы қорға 1 млрд теңге аударды
Тасмағамбетовтің күйеубаласы мен қызы қорға 1 млрд теңге аударды
«Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде бейбіт тұрғындар зардап шекті. Сондай-ақ бизнес өкілдеріне орасан залал келтірілуіне байланысты, Қазақстан халқына ел үшін осы қиын уақытта көмек көрсету қажеттігі туралы шешім қабылданды. Біз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан халқын қолдау туралы бастамасын қолдадық», − делінген «Сәби» қорының Instagram-дағы парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram