50420
Жомарт Тоқаев анда, Қасым-Жомарт Тоқаев мында...
Жомарт Тоқаев анда, Қасым-Жомарт Тоқаев мында...
Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландыдағы Еуропа чемпионатында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Vesti.kz сайтының хабарлауынша, жерлестеріміз өз тобындағы алғашқы матчты Словения командасымен бастады. Бірінші таймда капитан Игита шабуылға шығу сәтінде қателік жасап, 11-минутта Денис Тотошкович есеп ашты.
Артынша Альберт Ақбалықов словениялық қақпашы Нейца Берзелакаға қарсы дөрекі ойнап, паркеттен 2 минутқа қуылды. Қазақ командасы 3 ойыншымен қалғанына қарамастан, еуропалықтар Игита қақпасының саңылауын таба алмады. Нәтижесінде 16 минутта Дуглас бұрыштамадан ұшқан допты қақпаға дәл тоғытты.
Үзілістен кейін Словения командасы екінші голын соғып кетті. Алайда, араға 2 минут салып, Біржан Оразов есепті қайта теңестірді.
Матчтың 31 және 33-минуттарында Жига Чех пен Тео Турк гол салып, есепті 2:4-ке дейін жеткізе алды. Үзіліске дейін ұлттық құрама сапында Жомарт Тоқаев пен Жуниор Дуглас ерекшеленіп, Еуропа чемпионатының алғашқы кездесуін 4:4 есебімен аяқтады.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бүгін еліміздегі кәсіпкерлермен кездесу барысында қиын-қыстау кезеңде өз маңайына топтасуды мақсат еткен бұқараның көңілінен шығатын сөздер айтып, елдің ақшасын талан-таражға салғандарға қарата «гол» соққан еді. Атап айтқанда, ол «бизнестің бір қолға шоғырлануы, кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдардың айналысу мүмкіндігі болмауы - барлық мемлекет үшін қауіпті үрдіс» екенін, «байлықтың тең жартысы 162 адамға тиесілі, ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайтынын», «жеке бюрократия мен формализмнің қажеті жоқтығын», «сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын», «Осында ақша табамын, басқа жақта жұмсаймын» деген қағидат бұдан былай болмауы керектігін», «Самұрық-Қазына» қоры сатып алу жүйесінің тиімсіздігін», т.б мәселелерді ашық алаңға алып шықты.