ШҚО тұрғыны көршісінің мүлкін сатып жіберген

ШҚО тұрғыны көршісінің мүлкін сатып жіберген

ШҚО тұрғыны көршісінің мүлкін сатып жіберген
ашық дереккөзі
50248
Шығыс Қазақстанда әйел адам көршісінің мүлкін сатып жіберген, деп хабарлады turkystan.kz. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы күдікті әйелді анықтап ұстады. Тергеу амалдары барысында 19 жастағы көршісінің психоневрологиялық есепте тұратынын білетін 27 жастағы әйел жәбірленушінің денсаулық жағдайын пайдалана отырып, мүлікті сатуға сенімхат жаздырып алып, кейін қолындағы құжат арқылы көршісінің жылжымайтын мүлкін сатып жіберген. Келтірілген залал   3 500 000 теңгені құрады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары