Бүлікшілердің жамағат болып намаз оқыған сәті көрсетілді (ВИДЕО)

Бүлікшілердің жамағат болып намаз оқыған сәті көрсетілді (ВИДЕО)

Бүлікшілердің жамағат болып намаз оқыған сәті көрсетілді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50235
Алматыда бүлікшілер телеорталықты өртемес бұрын сол жерде намаз оқыған, деп хабарлады turkystan.kz. КТК телеарнасы «Январь: хроника беспредела» атты деректі фильмде Алматы қаласындағы медиаорталыққа бүлікшілер қалай келгенін көрсетіп, сырттағы және іштегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларды жариялады. Бейнежазбадан бүлікшілердің алдымен намаз оқып, содан кейін ғимараттың есігін бұзып, ішке қалай кіргенін көруге болады.
«Олар «Мир» арнасының үш кабинетін өртеп жіберген. Алдымен эфирге шығатын бөлмені, сосын құжаттар тұрған қабылдау бөлмесін және жаңалықтар шығатын «ньюсрум» бөлмесін өртеп жіберді», - дейді «Мир» телеарнасының журналисі Кирилл Харламов.

Серіктес жаңалықтары