Оқушы қызды құрбылары қорлап, мазар ішінде киімсіз жүгірткен (ВИДЕО)

Оқушы қызды құрбылары қорлап, мазар ішінде киімсіз жүгірткен (ВИДЕО)

Оқушы қызды құрбылары қорлап, мазар ішінде киімсіз жүгірткен (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50344
Алматы облысында 16 жастағы оқушы қыз белгісіз біреулердің қорлық көрсеткенін айтып, шағымданды. Оның сөзінше, ұрып-соққандар бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, сұмдық оқиға өткен жылы 24 желтоқсанда кешкі уақытта болған. 16 жастағы жасөспірім әлеуметтік желі арқылы танысқан екі қызбен өзеннің маңында кездеседі. Оның айтуынша, қыздар осы жерде ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсететін екі жігітті шақыртқан.
«Олар маған ауылда өздері туралы қауесет тараттың деп сес көрсетті. Біздің нашақор екенімізді, есірткі қолданатынымзды кімге айттың деп ұра бастады. Мен оларды мүлде танымаймын. Әлеуметтік желіде кездесу туралы жазғанда да қоқан-лоққы көрсетті», - деді зардап шегуші.
Жасөспірім қорланғанын алғашында үйдегілерге айтпағанын жеткізді. Үш күннен соң әлгі қыздар оны қайта соққыға жыққан. Киімін шешіп, мазардың ішімен ары-бері жүгіруін бұйырған. Сорақысы, бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, желіге жүктеген.
«Желтоқсанның 27-сі күні қызым үйге көк-ала қойдай боп келді. Мұрны сынған. Бет-ауызы ісіп кеткен. Алғашында не болғанын сұрағанымда айтпай қойды. Кейін мән-жайды түсіндірді. Бірден полицияны шақырдым. Біз зорлық көрсеткен екі жігіттің де, оларды видеоға түсірген достарының да әділ жазалануын сұраймыз», - деді зардап шегушінің анасы.
Алматы облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта іс қозғалып жатқанын мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 123-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің мән-жайын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әбілтай Әбенов.

Серіктес жаңалықтары