Ресейлік шенділердің балалары шетелде оқу мүмкіндігінен айрылуы мүмкін

Ресейлік шенділердің балалары шетелде оқу мүмкіндігінен айрылуы мүмкін

Ресейлік шенділердің балалары шетелде оқу мүмкіндігінен айрылуы мүмкін
ашық дереккөзі
281

         Ресейлік шенеуніктер кәмелетке толмаған балаларын шетелде оқыту құқығынан айрылуы мүмкін. Мемлекеттік думаның қарауына берілген заң жобасы мақұлданса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік және муниципалдық органдардың қызметкерлері балаларын, оның ішінде асырап алған балаларын да шет мемлекеттің мектептері мен жоғары оқу орындарына оқыта алмайды.

         «Азаттық радиосының» хабарлауынша, аталмыш құжатты Коммунистік партия депутаты Валерий Рашкин даярлаған. Заң жобасы бойынша мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлеріне де 18-ге толмаған балаларын шетелде оқыта алмайды.

         Тыйым шетелдік оқу орындарының Ресейдегі филиалдары мен ресейлік білім беру ұйымдарының шетелдердегі филиалдарына қатысты емес. Сонымен қатар, шетелде қызмет бабымен бір жылдан көп уақыт жүретін шенеуніктерге де бұл тыйым салынбайды.

         "Медуза" басылымының хабарлауынша, заң жобасына түсініктеме беру хатында шетелде оқу "елде шынайы ұлттық басқару элитасының қалыптасуына кедергі келтіріп, кадрларды бұзатыны", "Ресейде әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, басқарушы таптың халықтан ажырауына әкеліп соқтыратыны" айтылған.

Серіктес жаңалықтары