50844
Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылды
Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылды
Бүгін 26 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласында терроризмге қарсы операция режимінің және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің күші жойылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб Алматыдағы жағдайдың тұрақтанғанын мәлімдеді.
«Қала аумағында қабылданған қаулыға сәйкес, 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап лаңкестікке қарсы антитеррорлық іс-шара режимі тоқтатылып, лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады. Сол уақыттан бастап лаңкестік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді»,- делінген хабарламада.Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда. Террорлық қауіптің қазіргі деңгейінде құқық қорғау органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды анықтау мақсатында көлік құралдарын тінтуге рұқсат етілген.
«Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытып, олардың заңды талаптарын бұлжытпай орындауыңызды сұраймыз»,- деп атап өтті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы.