50344
Тоқаев Ләззат Қалтаеваны Сенат депутаты етіп тағайындады
Тоқаев Ләззат Қалтаеваны Сенат депутаты етіп тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалтаева Ләззат Молдабекқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», - делінген хабарламада.Ләззат Қалтаева 1965 жылдың 4 ақпанында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1987 жылдың маусым айынан бастап Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамында хатшы-референт, одан кейін басшының орынбасары ретінде қызмет атқарды. 1990 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Тұмар» ЖШС-нде және «Виктория» ЖШС-нде маркетинг инженері қызметінде болды. 1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін «ДАЭКО» ЖАҚ-нда, «Дәнекер» ЖАҚ-нда, «Қазақстанаудит» ЖАҚ-нда бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маман қызметін атқарды. 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы” ҚБ, «Мүгедектігі бар адамдардың Орталық-Азиялық форумы” ЗТБ төрағасы. Білімі жоғары, Каспий қоғамдық университетін «заңгер” мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік марапаттары: «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Құрмет ордені».