50242
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барады
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған», - делінген хабарламада.