50350
Жаңаөзенде енді мұғалімдер наразылық акциясына шықты (ВИДЕО)
Жаңаөзенде енді мұғалімдер наразылық акциясына шықты (ВИДЕО)
Жаңаөзен қаласындағы №2 және №6 мектептің қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орындарын жекенің қолына беруді тоқтатуды талап етіп, үндеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
«Мектебіміз жекенің қолына өтсе, жалақыны өзгертіп, қызметкерлерді қысқартуды бастайды. Ата-аналарға да қиындық тудырады: бәрі ақылы болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс істейміз. Сыныптарымызды өзіміз жаңарттық, жаңа жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз мектептің жеке қолға өтуіне үзілді-кесілді қарсымыз», - дейді ұстаздар.Осындай видеоүндеуді 30 қаңтарда №2 мектептің мұғалімдері де жазды. Алайда Маңғыстау облысының Білім басқармасы ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін мәлімдеді. Мектептер жекешелендірілмейді, сенімгерлік басқаруға беріледі. Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы сенімгерлік басқаруға беру кезінде жеке серіктеске қойылатын негізгі талаптар: - мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру; - күрделі және жеңіл жөндеуді қажет ететін ғимараттарды қысқа мерзімде жөндеу; - білім саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру.