50276
Қарағандылық әйел күйеу баласынан ұрлаған ақшаға пәтер сатып алыпты
Қарағандылық әйел күйеу баласынан ұрлаған ақшаға пәтер сатып алыпты
Қарағандыда енесі күйеу баласының 2 миллион теңгеге жуық ақшасын ұрлап, пәтер алған деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
25 қаңтар күні Қарағанды Полиция басқармасының Михайлов бөлімшесіне 39 жастағы тұрғын шағым түсіріп, 1 962 000 теңге көлемінде қаржы ұрланғанын хабарлаған.
Зардап шегуші жиған-терген ақшасын 60 жастағы енесіне берген болып шықты. Әйел ақшаның тонаушылардың қолына түскенін айтқан. Істі тергеген полицейлер ұрлықты әйелдің өзі жасағанын анықтады. Ол ақшаға пәтер сатып алған.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.