Президент Бауыржан Байбекке көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты

Президент Бауыржан Байбекке көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты

Президент Бауыржан Байбекке көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты
ашық дереккөзі
50298

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке алғыс айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты», - делінген жазбада.
Айта кетсек, Бауыржан Байбек 1974 жылдың 19 наурызында Алматы қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 3 жоғары білімі бар: педагогикалық, сыртқы экономикалық және музыкалық. Оқуды тәмамдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас консулдығында және Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасы Елшілігінде дипломатиялық қызметте болды. 2002 жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде бірқатар қызметтерді атқарды. 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы. 2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2013 жылдың қаңтарынан – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 2015 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың маусым айына дейін – Алматы қаласының әкімі. 2019 жылы маусым айынан бастап «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 2008 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастық Кеңесінің төрағасы. 2015 жылдың 6 наурызынан бастап – «Болашақ» Қауымдастығының Құрметті мүшесі, Кеңестің тұрақты мүшесі. «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы. ҚазГЗУ қамқоршылық кеңесінің төрағасы. 2013 жылдан – Азиялық Саяси Партиялар Конференциясы Тұрақты Комитетінің мүшесі. І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Саяси ғылымдарының кандидаты. 2013 жылдан – «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі. Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет», «Парасат» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Алматы қаласының құрметті тұрғыны. Қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен, ұлттық спорт түрлерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Елімжан» төсбелгісімен марапатталған. «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының» құрметті профессоры. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы» кітабы мен саясаттану ғылымының түрлі мәселелеріне арналған бірқатар мақалалардың авторы. «Президенттің бір жылы» кітабының екі басылымының құрастырушысы.

Серіктес жаңалықтары